19.07.2019, 21:56 9676

Жылжымалы көліктік бақылау бекетінің қызметкерлері "Нұр-Сұлтан - Қарағанды" автожолында көліктік бақылауды жүзеге асырды

Кезекшілік барысында бақылауды жүзеге асыру мақсатында "HOWO" маркалы көлік құралын тоқтатуға әрекет жасалды. Алайда, автокөлік құралының жүргізушісі жол жүру ережесін бұзып, көлік бақылау бекетінің екі инспекторын қағып, сондай-ақ жүріп келе жатқан көлік құралымен соқтығысқан.

Нұр-Сұлтан. 19 шілде. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде жылжымалы көліктік бақылау бекетінің қызметкерлері кезекшілік кестесіне сәйкес "Нұр-Сұлтан - Қарағанды"автожолында көліктік бақылауды жүзеге асырды.

Кезекшілік барысында бақылауды жүзеге асыру мақсатында "HOWO" маркалы көлік құралын тоқтатуға әрекет жасалды. Алайда, автокөлік құралының жүргізушісі жол жүру ережесін бұзып, көлік бақылау бекетінің екі инспекторын қағып, сондай-ақ жүріп келе жатқан көлік құралымен соқтығысқан.

Оқиға орнына ИИДМ Көлік комитетінің мамандары, жол полициясының қызметкерлері және жедел жәрдем мамандары келді. Зардап шеккен көлік инспекторлары ауруханаға жеткізілді.

Нәтижесінде асфальт тиелген жүк автомобилінің жалпы салмағы автомобиль жолдарында рұқсат етілген салмақ бойынша 25 тонна болуы тиіс болған. Алайда, 45 тоннаны құрайтыны анықталды. Осылайша, жүк тиелген автомобильдің салмағы рұқсат етілген массадан 20 тоннаға артық болды.

Аталған оқиға бойынша іс қозғалды, атап айтқанда: жүк көлігі жүргізушісінің көліктік бақылау инспекторына бағынбауы, көліктік бақылау бекеті қызметкерлерін соғып өтуі, қозғалып келе жатқан көлікпен соқтығысу және артық жүк тиеуге байланысты.

ҚР ИИДМ Көлік комитеті 2019 жылғы 21 мамырдан 31 тамызға дейін "Назар аударыңыз, ауыр салмақты көлік!" акциясын өткізуде. Акция барысында республика жолдарында ауыр салмақты көліктердің жүріп өтуіне бақылау күшейтілді.

Сондай-ақ автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету тақырыптары қозғалды және олардың бұзылуының негізгі себебі рұқсат етілген салмақтық параметрлерден асып кететін автокөлік құралдарының жүріп өтуі екендігі айтылды. Басым көпшілігінде бұл карьерлерде және инертті материалдар жинағыштарында жүк тиеу жүзеге асырылатын Қытай өндірісінің жүкті өзі аударатын көліктері болып табылады.

Бұдан басқа, автожолдардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етуді арттыру мақсатында Көлік комитеті 2019 жылғы 27 сәуірден бастап жалпы пайдаланымдағы жолдар бойынша инертті жүктерді тасымалдайтын ауыр салмақты самосвалдардың жүріп өту фактілері бойынша +77080880800 нөмірі бойынша ахуалдық орталықтың "Whats app" мессенджеріне бейнеайналымды қабылдау бойынша акция басталды. Комитеттің аумақтық органдары келіп түскен барлық бейне хаттар бойынша әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны