17.07.2014, 21:02 2830

Зияткерлік меншік құқығы арнайы штрихкодпен қорғалады - ТҚҚА

Тұрмыстық бұйымдар мен косметикалық заттардың зияткерлік меншік құқығы арнайы қазақстандық штрихкодпен қорғалады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

Алматы. 17 шілде. Kazakhstan today. Тұрмыстық бұйымдар мен косметикалық заттардың зияткерлік меншік құқығы арнайы қазақстандық штрихкодпен қорғалады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары - ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

"Кедендік одақ аясында өнімді штрихкодтауды енгізу бойынша Беларусь Республикасының тәжірибесі қаралуда. Бұш салада Беларусь елінің бес жылдық тәжірибесі бар. Барлық кезеңде өнімнің контрафактіліктігі немесе түпнұсқалылығы, екіншіден өнім сапасы бақылана алады. Ирине, сертификатталған өнімге ғана осы штрихкод қойылады. Бұл өз кезегінде экономикаға айтарлықтай пайда әкеледі. Салық органдары барлық салық түсімдерін оңай бақылайды", - дейді Ж.Бекшин.

Оның айтуынша, зияткерлік меншік құқығын қорғанудың бұл әдісі контрафактілік жағдайлардың алдын алады.

Сонымен қатар Қазақстандық штрихкодтау зияткерлік меншік құқығының ең оңай және тиімді үлгісі болып табылады.

"Басқа да әдістер бар. Ол чиптеу. Бұл жүйе Гонконгте, АҚШ-та қолданылады. Менің ойымша, алайда, кәсіпкерілкке ең тиімдісі штрихкодтау болып табылады", - дейді Ж.Бекшин.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны