10.09.2007, 14:32 2478

Зымыран құлаған аймақта болған адамдар денсаулық жағдайына байланысты шағымдана келген жоқ

Зымыран құлаған аймақта болған адамдар денсаулық жағдайына байланысты шағымдана келген жоқ.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10 қыркүйек. АСТАНА. Зымыран құлаған аймақта болған адамдар денсаулық жағдайына байланысты шағымдана келген жоқ. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиыннан кейін журналистерге берген сұхбатында ҚР төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов хабарлады.

"Зымыранның құлау оқиғасына куәгер болған 19 адам Денсаулық сақтау министрлігінің назарына алынды. Бір адам да денсаулығына қатысты шағым айта келген жоқ", - деді В. Храпунов.

Министр сонымен бірге "малдардың да өзгеше қылық көрсету оқиғалары байқалған жоқ", деді.

В. Храпуновтың түсініктемесіне сәйкес ауылшаруашылығы министрлігі "оқиға орнында барлық малға диспансеризациялау шарасын жүргізген" . "Ол жерде 5820 қой, 777 ірі қара мал мен 300-ден астам жылқы бар. Олардың бәрі де диспансеризацияланып, қандарынан сынама алынды. Изірге ешбір белгі байқалмайды", - деді министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны