01.07.2026, 16:29 50176

Қатонқарағайда қар барыстарының отбасы тағы да фототұзаққа түсіп қалды

Қатонқарағайда қар барыстарының отбасы тағы да фототұзаққа түсіп қалды
Сурет: Depositphotos
Қатонқарағай ұлттық паркінің таулы аумағында орнатылған фототұзаққа үш марқайған күшігімен жүрген аналық қар барысы тағы да түсіп қалды.

Осыдан бірнеше ай бұрын дәл осы қар барыстарының отбасы фототұзаққа алғаш рет тіркелген болатын. Жаңа түсірілімдерден күшіктердің едәуір өсіп, табиғи мекендеу ортасында аналығына ілесіп жүргенін көруге болады.

Фототұзақты орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан. Алынған бейнематериалдар Қазақстанда мекендейтін ең сирек әрі ерекше қорғалатын жыртқыштардың бірі - қар барысының төлдерінің сәтті өсіп-жетіліп келе жатқанын растайды.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны