10.07.2026, 11:03 41616

Шөлейт жерлердің көгалдануы. Kazakhstan Today түсірген деректі фильм

Шөлейт жерлердің көгалдануы. Kazakhstan Today түсірген деректі фильм
Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы Ақсу аймағында шөлейттенуге қарсы ауқымды бағдарлама жүзеге асырылып келеді. 1986 жылдан бері мұнда қорғаныш орман белдеулері отырғызылып, тамшылатып суару технологиялары енгізілуде. Соның нәтижесінде Такла-Макан шөлінің белең алуы едәуір баяулап, тозған жерлердің біраз бөлігі қалпына келтірілді.


Бүгінде жасыл белдеу елді мекендерді құм және шаңды дауылдардан қорғайды, ал қалпына келтірілген жерлерде экономикалық тұрғыдан тиімді орман дақылдары өсірілуде. Сонымен қатар, өңірде экологиялық туризм де қарқынды дамып келеді. "Долан" экологиялық саябағы мен Тянь-Шань шатқалы жыл сайын жүздеген мың туристі қабылдап, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті тұрғындардың табысын арттыруға ықпал етуде.

Жобаның негізгі бағыттарының бірі - Тянь-Шань мұздықтарынан келетін еріген суды тиімді пайдалану болып табылады. Заманауи технологияларды, экожүйелерді қалпына келтіруді және инфрақұрылымды дамытуды ұштастырған кешенді тәсілдің арқасында Ақсу аймағыда шөлейттенудің зардаптарын азайтып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны