07.08.2026, 15:47 29236

Жолбарыстың табиғат аясына оралуы, көшбасшылар саммиті және Comic Con: Қазақстанда өткен апта несімен есте қалды  

Жолбарыстың табиғат аясына оралуы, көшбасшылар саммиті және Comic Con: Қазақстанда өткен апта несімен есте қалды
Орталық Азия көшбасшыларының кездесуі, жолбарыстың жабайы табиғатқа оралуы, жасанды интеллект олимпиадасы және Астанадағы Comic Con - осы және өзге де маңызды оқиғалар туралы ақпаратты Kazakhstan Today-дің 31 шілде мен 6 тамыз аралығындағы апталық дайджестінен оқыңыздар.

Саяси күн тәртібінің басты оқиғасы - Қырғызстанда өткен Орталық Азия және Әзербайжан елдері көшбасшыларының бейресми кездесуі болды. Жиында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңір елдерінің өзара іс-қимылын нығайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, қабылдауды ұсынды. Отырыс қорытындысы бойынша негізгі салалардағы ынтымақтастықты дамыту туралы Шолпан-Ата декларациясы қабылданды.


Халықаралық күн тәртібінің өзге тақырыптарына тоқталсақ, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Румыния Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушымен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту, Каспий құбыр консорциумының төңірегіндегі жағдай және энергетикалық қауіпсіздік сияқты мәселелерді талқылады.

Тағы бір есте қаларлық жаңалық - Амур жолбарысының жабайы табиғатқа оралуы. Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет Үміт есімді жолбарыс табиғатқа жіберілді. Қазір ол "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватының аумағына бейімделуде. Мамандар оны GPS қарғыбауы арқылы тұрақты бақылауда.

Білім саласындағы күн тәртібі де маңызды оқиғаларға толы болды. Астанада өтіп жатқан жасанды интеллект бойынша III халықаралық олимпиадаға (IOAI) 100-ден астам елдің оқушылары қатысуда. Олимпиаданың ашылу салтанатында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның цифрлық дамуды стратегиялық бағыт ретінде таңдағанын мәлімдеді.

Апталық топтаманы кино мен поп-мәдениет жанкүйерлеріне арналған фестиваль түйіндейді. Қазақстан астанасында Comic Con Astana 2026 бастау алды. Хедлайнерлер қатарында "Тақтар ойынының" жұлдызы Николай Костер-Вальдау, актерлер Пол Андерсон, Иньяки Годой, Таз Скайлар және Kandis K-pop тобы бар.

Аптаның басты оқиғаларын осылай аяқтаймыз. Жаңалықтар легін Kazakhstan Today-мен бірге қадағалаңыздар.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны