11.08.2026, 11:18 25191

Comic Con Astana 2026 фестиваліне 76 мыңнан астам қонақ келді  

Comic Con Astana 2026 фестиваліне 76 мыңнан астам қонақ келді
 Астанада 6-9 тамыз аралығында заманауи поп-мәдениетке арналған бесінші халықаралық Comic Con Astana 2026 фестивалі өтті. Іс-шара ұйымдастырылған төрт күн ішінде оған 40-тан астам елден 76 мыңнан астам адам келді, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Фестиваль алғаш рет Николай Костер-Вальдау, Пол Андерсон, Иньяки Годой және Таз Скайлар сияқты төрт халықаралық хедлайнерді қабылдады. Актерлер жанкүйерлерімен кездесіп, сұрақ-жауап сессияларына қатысып, қолтаңба таратып, фотосессиялар өткізген.

"Тақтар ойынының" жұлдызы Николай Костер-Вальдау Қазақстанда өзін жылы қарсы алғанын атап өтіп, Маңғыстауды көру үшін елімізге қайта келгісі келетінін мәлім етті.


"Кез келген ел туралы алғашқы әсерді адамдар қалыптастыратыны анық. Қазақстан мені өте жылы қарсы алғанын айтқым келеді. Мұндағы адамдар ашық әрі мейірімді", - деді актер.


"Өткір күнқағарлар" телехикаясындағы Артур Шелби рөлімен танымал Пол Андерсон Comic Con Astana фестивалін өзі қатысқан Comic Con фестивальдерінің ішіндегі ең үздігі деп атады.


Фестивальдің басты оқиғаларының бірі жүлде қоры 20 млн теңгені құраған халықаралық косплей байқауы болды. Бағдарламада концерттер ұйымдастырылып, блогерлермен, суретшілермен, косплейшілермен және контент жасаушылармен кездесулер өтті.

"Фестивальге тек алғашқы күнінің өзінде 16 мыңнан астам адам келген. Бұл - Comic Con Astana фестивалінің рекордтық көрсеткіші",- деп мәлім етті ұйымдастырушылар.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны