13.08.2026, 19:32 27036

Астанада Жастар күніне арналған Jastar Day фестивалі өтті

Астанада Жастар күніне арналған Jastar Day фестивалі өтті
Астана қаласында Халықаралық жастар күніне арналған Jastar Day фестивалі өтті. Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен 3 мыңға жуық жастар қатысты.

Фестивальдің басты оқиғаларының бірі - "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранттарын табыстау рәсімі болды. 30 жобаның авторы өз идеяларын жүзеге асыру үшін 3 млн теңге көлемінде гранттар алды.


Сондай-ақ, фестивальде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі оқылып, медиа, технология, өнер және әлеуметтік жобалар салаларының сарапшылары сөз сөйледі.

Jastar Day қазақстандық өнер жұлдыздарының концертімен аяқталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны