Халық кеңесі, БҰҰ-дағы дипломатия және тарихи алтын: Қазақстандағы аптаның басты оқиғалары
Сурет: ИИ
Халық кеңесінің алғашқы сессиясы, мерзімінен бұрын мәслихат сайлауын өткізу және Азия ойындарындағы тарихи алтын - 18-24 қыркүйек аралығындағы апта басты жағалықтарын Kazakhstan Today дайджестінде баяндаймыз.
Аптаның басты саяси оқиғаларынан бастасақ. Қазақстанда Халық кеңесі өз жұмысын бастады. Алғашқы сессияда президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа органның негізгі міндеттерін айқындап, Халық кеңесі Құрылтайға балама орган болмайтынын атап өтті.
Сонымен қатар, маңызды мәлімдемелердің бірі барлық деңгейдегі мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауын өткізу мүмкіндігіне қатысты болып отыр. Тоқаев мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша консультациялар өткізетінін хабарлады. Сондай-ақ, президент табиғат пен қоғамдық орындарды ластағандар үшін жазаны күшейтуді ұсынды.
Енді халықаралық күн тәртібіне тоқталсақ. Қазақстан мен Орталық Африка Республикасы дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Бірлескен коммюникеге Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясының жоғары деңгейдегі апталығы аясында қол қойылды.
Дипломатиялық қызмет сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің шетелдік әріптестерімен және халықаралық ұйымдардың басшыларымен өткізген бірқатар кездесулермен жалғасты. Тараптар қарым-қатынастарды дамыту және өзекті халықаралық мәселелерді талқылады.
Халықаралық күн тәртібінен ел ішіндегі оқиғаларға ауыссақ. Аптаның ең жарқын оқиғаларының бірі Алматыдағы Қала күні болды. Мегаполистің барлық сегіз ауданында түрлі концерттер, фестивальдер, көрмелер мен мерекелік бағдарламалар өтті.
Енді спорт жаңалықтарына тоқталайық. Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында Владислав Яковлев пен Иван Чернухин академиялық ескек есуден тарихи алтын жеңіп алды. Бұл - Қазақстанның Азия ойындарында осындай спорт түрінен алған алғашқы алтын медалі. Жалпы, ұлттық құраманың қоржынында қазірдің өзінде 25 медаль бар.
Дайджестімізді ерекше жаңалықпен аяқтасақ: Джеки Чан Жакежанға айналды. Kaspi.kz жаңа жарнамалық науқанында актерді дәл осылай атап, оның Қазақстандағы өмірінің қандай болатынын көрсетті. Сонымен қатар, Джеки Чан қазір елімізде "Құдайдың сауыты: Ультиматум" фильмінің түсіріліміне қатысып жатыр.
Апта осындай оқиғалармен есте қалды. Басты жаңалықтарды Kazakhstan Today-мен бірге тамашалаңыздар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
