07.08.2013, 12:16 6628

Адамдар құс тұмауын жұқтыруда

Құс тұмауы адамдар үшін қауіпті болып барады. Алғаш рет құс тұмауы адамнан адамға жұқты. Екі пациент те қаза болды, деп хабарлады Утро.ru.

Астана. 7-тамыз. Kazakhstan Today - Адамдар құс тұмауын жұқтыруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Құс тұмауы адамдар үшін қауіпті болып барады. Алғаш рет құс тұмауы адамнан адамға жұқты. Екі пациент те қаза болды, деп хабарлады Утро.ru.

"Мәселе H7N9 вирусының жаңа мутациясы жайында ма, жалпы бұның не екені әлі түсініксіз", - делінген ақпаратта.

"Инфекцияның қайдан басталып жұққанын айту қиын, бірақ аурудың адамнан адамға жұққаны анық", - деп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Фаделу Чайбтың сөзін British Medical Journal келтірді.

Сарапшылар сәуір айында Қытай аумағы Янцзының төменгі жағында аурудың таралу себептерін зерттеу нәтижелерін келтірді. Ол бойынша, жергілікті тұрғындардың бірі ауруды базардағы тауық етінен жұқтырған. Оны емдемек болған қызы да вирусты жұқтырған. Екеуі де көз жұмды.

Қытайда құс тұмауын жұқтырғандар саны 55-ке жетті, барлығы 11 адам көз жұмды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны