12.08.2013, 09:25 6142

АҚШ елшіліктері қайта ашыла бастады

АҚШ-тың өткен аптада Таяу Шығыс пен Африканың бірнеше мемлекетінде қауіпсіздік тұрғысында жабылған елшіліктері қайта ашылды

Алматы. 12-тамыз. Kazakhstan Today - АҚШ-тың өткен аптада Таяу Шығыс пен Африканың бірнеше мемлекетінде қауіпсіздік тұрғысында жабылған елшіліктері қайта ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жексенбіде Абу-Даби, Ливия және Дубайдағы консулдықтар жұмыс істей бастады. Қалған өкілдіктер бір апта ішінде ашылмақ.

АҚШ 19 елшілігі мен дипломатиялық өкілдіктері 4 тамызда жабылған еді. Ресми Вашингтон елшіліктерді жабуға "Ил-Қаида" ұйымы тарапынан теракті жасалуы мүмкін деген қауіп себеп болды деген. Құрама Штаттардың арнайы қызметі "Ил-Қаида" жетекшісі Айман әл-Зауахиридің ұйымның Йемендегі өкілдеріне шабуылдар жасауды тапсырған хатын әшкерелегенін хабарлаған.

АҚШ билігі өкілдерінің хабарлауынша, таяу арада Йемен астанасы Санадағы елшіліктен басқа америкалық басқа елшіліктер жұмыс істей бастайды - деп хабарлады azattyq.org

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны