05.01.2015, 11:28 534915

АҚШ-та Джохар Царнаевтыӊ соты өтеді

Ол 2013 жылдыӊ көктемінде Бостон марафоны кезінде жарылыстар жасады деп айыпталып отыр.

Бостон. 5 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін АҚШ-та Джохар Царнаевтыӊ ісіне қатысты алғашқы сот отырысы өтеді. Ол 2013 жылдыӊ көктемінде Бостон марафоны кезінде жарылыстар жасады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алғашқы отырыста күдіктініӊ тағдырын шешетін сот алқасы сайланады. Прокурор Царнаевқа өлім жазасын беруді талап етпек. Осыныӊ алдында күдіктініӊ адвокаттары бұл отырысты басқа қалада өткізуді ұсынған болатын, себебі қорғаушылардыӊ пайымынша, лаӊкестік әрекет жасалған Бостон тарапы кінә тағылған Царнаевқа қырын қарап отыр. Бірақ апелляциялық сот бұл өтінішті қабылдамай тастады, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.

Естеріӊізге сала кетейік, Бостон марафоныныӊ мәресіндегі жарылыстар 2013 жылдыӊ 5-ші сәуірінде болған еді. Лаӊкестік әрекеттен 3 адам қаза тауып, 260-ы жарақат алды. АҚШ билігі ағайынды Тамерлан және Джохар Царнаевтар осы жарылыстарды ұйымдастырып, іске асырғанына сенімді. Темарлан полициямен атыс кезінде оққа ұшып, Джохар қамауға алынған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны