05.06.2013, 11:28 2720

АҚШ-та iPhone 4 пен iPad 2 импортына тыйым салынды

BNews.kzаттық агенттігінің Халықаралық сауда жөнінідегі федералдық комиссиясына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, осы мобильдік құрылғыларды дайындау кезінде "Apple" өзінің басты бәсекелесі "Самсунг электроникс" оңтүстіккорейлік компанияның өнер табу құқығын бұзғанына байланысты осындай шешім шығарылды.

Астана. 5-маусым. Kazakhstan Today - АҚШ-та "Apple" америкалық корпорациясының өнімі iPhone 4 смартфондары мен iPad 2 планшетті компьютерлерінің импортына тыйым салынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kzаттық агенттігінің Халықаралық сауда жөнінідегі федералдық комиссиясына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, осы мобильдік құрылғыларды дайындау кезінде "Apple" өзінің басты бәсекелесі "Самсунг электроникс" оңтүстіккорейлік компанияның өнер табу құқығын бұзғанына байланысты осындай шешім шығарылды.

"Apple" смартфондары мен планшеттері Қытайда шығарылатындықтан бұл шешім аталған тауарларды америкалық нарықта сату мүмкіндігінен айырып отыр. Ал бұл "Apple" компаниясы миллиардтаған шығынға батады деген сөз. Ийтсе де, АҚШ президенті Барак Обама 60 күн ішінде аталған шешімнің күшін жоя алады. Президент әкімшілігі сауда жанжалдары кезінде осы сияқты тыйым салуларға түбегейлі қарсы. Сейсенбі күні Ақ үй Комиссия өкілеттігін шектейтін заң қабылдауды ұсынып, Конгреске хат жолдаған болатын.

"Apple" ХСК-ның шешіміне наразы екенін және оны қайта қарау үшін барын салатынын мәлімдеді. Соңғы айлары америкалық алпауыт компания Оңтүстік Кореядағы бәсекелесінен біршама кейіндеп қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны