31.07.2013, 10:28 6089

АҚШ-та көлік балабақша қабырғасына барып соғылған

Оқиға Миссури штатындағы Канзас-Сити қаласында болды, осы сәтте балабақшада 40-қа жуық бала болған көрінеді, деп хабарлайды ВВС.

Астана. 31-шілде. Kazakhstan Today - АҚШ-та көлік балабақша қабырғасына барып соғылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оқиға Миссури штатындағы Канзас-Сити қаласында болды, осы сәтте балабақшада 40-қа жуық бала болған көрінеді, деп хабарлайды ВВС.

Cadillac маркалы көлік балабақша маңында тұрақтап тұрған. Полицияның хабаралауынша тұрақта тұрған көлікке жол талғамайтын көлік келіп соғылған. Көлікті 80 жасар зейнеткер басқарған. Автомобиль балабақша ғимаратының кіре беріс жағындағы қабырғасын тесіп өткен.

Оқиға салдарынан шопыр мен көлік корпусының астында қалған 3 бала зардап шекті, алайда алған жарақаттар өмірге қауіп төндірмеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны