22.07.2013, 16:11 2811

Илем чемпионаты кезінде спортшы қаза болды

24.kz хабарлауынша, жарыстың бірінші айналымы кезінде 25 жастағы Италья азаматы дымқыл тас жолға тайып құлап, үлкен жылдамдықпен артында жүйткіп келе жатқан бір топ мотоциклдің астында қалып қойған. Алдын ала болжам бойынша А.Антонеллидің өмірден озуына бас ми жарақаты себеп болуы мүмкін.

Астана. 22-шілде. Kazakhstan Today - Мәскеуде супербайктен өтіп жатқан әлем чемпионаты кезінде итальян Андреа Антонелли апатқа ұшырап қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

24.kz хабарлауынша, жарыстың бірінші айналымы кезінде 25 жастағы Италья азаматы дымқыл тас жолға тайып құлап, үлкен жылдамдықпен артында жүйткіп келе жатқан бір топ мотоциклдің астында қалып қойған. Алдын ала болжам бойынша А.Антонеллидің өмірден озуына бас ми жарақаты себеп болуы мүмкін.

Сарапшылар болған жағдайға күн райының әсер еткендігін айтуда. Ұйымдастырушылар жарысты өткізуге супербайк бойынша бас промоутер "Dorna Sports" компаниясының арнайы рұқсаты бар екендігін алға тартады. Қайғылы жағдайдан соң әлем чемпионаты тоқтатылды. Тергеушілер апатқа байланысты деректерді тексеруде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны