22.05.2013, 14:05 4723

Англияның Жоғарғы соты Ибіләзовтың Ұлыбританиядағы меншігін сату туралы үкім шығарды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, БТА банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш шешім М. Ибіләзовтің Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымында болған кезеңінде банктен заңсыз шығарылған активтерді қайтару мақсатында "БТА Банк" АҚ-ның талап-арызы бойынша қабылданды.

Астана. 22-мамыр. Kazakhstan Today - Англияның Жоғарғы соты KPMG басқарушы компаниясына Мұхтар Ибіләзовке тиесілі Ұлыбритания аумағында орналасқан "люкс" санатындағы үш жылжымайтын мүлік нысанын сатуға құқық беретін соңғы үкімді шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, БТА банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш шешім М. Ибіләзовтің Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымында болған кезеңінде банктен заңсыз шығарылған активтерді қайтару мақсатында "БТА Банк" АҚ-ның талап-арызы бойынша қабылданды.

Сот шешімімен келесі жылжымайтын мүлік нысандары сатылымға жатады: Лондонның солтүстік бөлігіндегі Бишоп авенюда орналасқан Carlton House атты зәулім үй. Ол қабылдауларға арналған 15 метрлік залдан, кітапханадан, 9 жатын бөлмеден тұрады, аумағында бассейн мен 12 адамға арналған түрік моншасы бар. Екіншісі, Oaklands Park деп аталатын Виндзор қаласында орналасқан ауданы 40 гектардан асатын жер телімі. Онда 8-үй, тәлімбақ, теннис корттары, көлдер, орман алабы мен тікұшақ алаңы бар.Үшіншісі, Albert's Court деген атаумен белгілі Лондондағы Сент-Джонс-Вуд ауданында орналасқан күзетілетін ғимаратта орналасқан пәтер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны