01.07.2013, 17:55 2925

Аризонада 20 шақты өрт сөндіруші қайтыс болды

Американың Аризона штатында дүйсенбіге қараған түні ормандағы өртпен арпалысқан өрт сөндірушілердің он тоғызы қайтыс болды, деп "Фокс-ньюс" телеарнасы мәлімдеді.

Астана. 1-шілде. Kazakhstan Today - Аризонада 20 шақты өрт сөндіруші қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Американың Аризона штатында дүйсенбіге қараған түні ормандағы өртпен арпалысқан өрт сөндірушілердің он тоғызы қайтыс болды, деп "Фокс-ньюс" телеарнасы мәлімдеді.

Оның мәліметі бойынша, өрт сөндірушілер өртпен арпалысып жатқанда желдің бағыты күрт өзгеріп оларға от лап қойған.

Сенбі күннен бастап Феникс ққаласынан 120 км жерде өрт лаулауда. Оттың тұтануына найзағай себеп болған сыңайда.

Сенбі күннен бері өрттен елу шаруашылық жанып кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны