28.05.2013, 15:17 3724

Бағдадтағы жарылыстан 82 адам көз жұмды

27 мамырда күндіз Ирак астанасы Бағдадта бірнеше теракті орын алды. KUNA агенттігі жарылыс кезінде 82 адам көз жұмғаны жөнінде ақпарат таратты. Ал жарақат алғандар саны 130-150 шамасына жетіп жығылған.

Астана. 28-мамыр. Kazakhstan Today - Бағдадтағы жарылыстан 82 адам көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

27 мамырда күндіз Ирак астанасы Бағдадта бірнеше теракті орын алды. KUNA агенттігі жарылыс кезінде 82 адам көз жұмғаны жөнінде ақпарат таратты. Ал жарақат алғандар саны 130-150 шамасына жетіп жығылған.

Бірінші жарылыс Жаңа Бағдад ауданында орын алды. Мұнда адамдар көп жүретін базар маңына қойылған автокөліктегі жарылғыш зат іске қосылған.

Соның артынша-ақ Жеңіс алаңында тағы бір автокөлік жарылған. Қайғылы оқиға салдарынан 8 адам мерт болды. Саадун көшесінде де автокөліктегі бомба жарылған. Барлығы жеті жарылыс болды деп ақпарат таратылуда және терактінің көбісі базар айналасында ұйымдастырылған.

Тәртіп сақшылары бір ғана лаңкестіктің жолына тосқауыл қоя алды: полицейлер Жаңа Бағдадтағы автокөлік тұрағында өз-өзін жарып жібермек болған жанкештіні қолға түсірген.

Мамыр айының басынан бері Иракта терактіден 400-ден астам бейбіт тұрғын көз жұмды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны