18.06.2013, 14:30 2801

Барак Обама мен Владимир Путин кездесті

Ресей Президенті әлем қауіпсіздігі мен халықаралық мәселелер, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық жайлы сұрақтардың көтерілгенін жеткізді. Өз кезегінде Барак Обама Владимир Путинге алғысын білдіріп, АҚШ пен Ресей ядролық және химиялық қаруды жоюға бағытталған бағдарламаларынның ары қарай жүзеге асатынын мәлімдеді.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - Лох-Эрн қаласында өтіп жатқан "Үлкен сегіздіктің" басқосуында Барак Обама мен Владимир Путин кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, екі ел президенттері жүргізілген келіссөздердің сәтті өткенін айтып, басқосу кезінде талқыға салынған мәселелерді атап өтті. Ресей Президенті әлем қауіпсіздігі мен халықаралық мәселелер, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық жайлы сұрақтардың көтерілгенін жеткізді. Өз кезегінде Барак Обама Владимир Путинге алғысын білдіріп, АҚШ пен Ресей ядролық және химиялық қаруды жоюға бағытталған бағдарламаларынның ары қарай жүзеге асатынын мәлімдеді. Сирияға қатысты пікірлерінің қарама-қайшылығына қарамастан, бейбіт келісімдерді жандандыратындарын жеткізді. Сондай-ақ, кездесуде Ауғанстан, Иран және Корей түбегіндегі шиеленістер де талқыға түсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны