24.05.2013, 11:07 4723

Бәсссаудада екі қауын 16 мың долларға сатылды

Саппоро қаласында "юбари" сұрыпы саудаға шығарылды. Қауындарды алған көкөніс сатумен шұғылданатын компания оларды жергілікті бастауыш мектепке сыйға тартпақ. Онда оқушыларға ас дайындау мәдениеті мен тарихын меңгерту жолында кәдеге жарату көзделуде.

Астана. 24-мамыр. Kazakhstan Today - , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жапонияда бәссаудада екі қауын 16 мың АҚШ долларына сатылған. Бұл туралы жергілікті БАҚ-тар хабарлады.

Саппоро қаласында "юбари" сұрыпы саудаға шығарылды. Қауындарды алған көкөніс сатумен шұғылданатын компания оларды жергілікті бастауыш мектепке сыйға тартпақ. Онда оқушыларға ас дайындау мәдениеті мен тарихын меңгерту жолында кәдеге жарату көзделуде.

Қауынның тіл үйірер аса дәмді "юбари" сұрыпы Жапонияда таңдаулы бақша өнімдерінің бірі ретінде есептеледі. Оның қабығындағы суреттер ежелгі қытайдың фарфор құтыларына ұқсас.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны