25.06.2013, 09:56 2889

Берлускони 7 жылға сотталды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні Милан соты кәмелетке толмаған жезөкшемен байланыс жасады, қызметтік жағдайын теріс пайдаланды деп айыпталған Италияның бұрынғы премьер-министріне қарсы сот процесіне нүкте қойды.

Астана. 25-маусым. Kazakhstan Today - Италияның экс-премьері Сильвио Берлускони 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні Милан соты кәмелетке толмаған жезөкшемен байланыс жасады, қызметтік жағдайын теріс пайдаланды деп айыпталған Италияның бұрынғы премьер-министріне қарсы сот процесіне нүкте қойды.

"Руби ісі" деп аталып кеткен шулы оқиғаның басты "кейіпкерлері" отырысқа келмеді. Берлускони де, "бунга-бунга" кешінің басты куәгері Карима әл-Махруг те сот залында төбе көрсетпеді.

Белгілі болғандай, прокуратура Берлускониді алты жылға бас бостандығынан айырып, өмірінің соңына дейін Италияда мемлекеттік қызметпен айналысуға тыйым салуды сұраған.

Сильвио Берлускони "Руби ісі" бойынша алғаш рет 2011 жылдың басында жауапкершілікке тартылған еді. Айыптау мәліметі бойынша, экс-премьер өзінің Милан түбіндегі резиденциясында сауық кешін ұйымдастырып, оған жезөкше қыздарды шақырған.

Мұндай "қонақтардың" қатарында "Руби - жүректерді жаулаушы" деген атпен белгілі, мароккалық Карима әл-Махруг те болған. Прокуратураның мәліметінше, 2010 жылы Италияның бұрынғы премьер-министрі кәмелетке толмаған бишіге жыныстық қатынас жасау үшін ақша төлеген.

2012 жылдың мамырында әл-Махруг мұның бәрін алдын ала өзі ұйымдастырғанын мәлімдеп, сөзінен бас тартты. Соған қарамастан, айыптаушы тарап сотталушы бишіге қомақты ақша берген деп есептейді: прокурор Ильда Бокассини экс-премьердің адамдары қызға 4,5 миллион еуро ұсынуы мүмкін деген болжам айтқан.

Соттың шешіміне қарамастан, таяу уақытта 76 жастағы бұрынғы премьер түрмеге жабылмайды. Италиядағы процессуалдық құқық нормаларына сәйкес, сотталушы үкімге екі рет шағымдануға құқылы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны