19.07.2013, 14:18 2580

Бостондағы жалған "лаңкестік құрбаны" 480 мың долларды қалтаға салған

Нью-Йорк штатының тұрғыны Одри Гаус жалған ақпар беріп, Бостондағы лаңкестік салдарынан зардап шеккендерге арналған қайырымдылық қорынан 480 мың доллар алған. Массачусетс штатының прокуратурасы алаяққа қарсы ресми айып тақты, деп хабарлайды Reuters.

Астана. 19-шілде. Kazakhstan Today - Бостондағы жалған "лаңкестік құрбаны" 480 мың долларды қалтаға салған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Нью-Йорк штатының тұрғыны Одри Гаус жалған ақпар беріп, Бостондағы лаңкестік салдарынан зардап шеккендерге арналған қайырымдылық қорынан 480 мың доллар алған. Массачусетс штатының прокуратурасы алаяққа қарсы ресми айып тақты, деп хабарлайды Reuters.

Бұрын 26 жастағы қыз One Fund Boston қорына Бостон марафонындағы жарылыс кезінде миы шайқалғанын мәлімдеген. Жарылыс кезінде зардап шеккендер үшін 64 млн. доллар жинаған қайырымдылық қоры қызға жарты миллиондай долларды төлеуге келіскен. Алайда, полицейлер алаяқты тексерумен айналысып, оның 15 сәуір күні Бостонда мүлде болмағанын анықтаған. Енді қызға қарсы қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Бостондағы террорлық акт 2013 жылғы 15 сәуірде болды, марафон кезінде үш адам қаза тауып, 250-ден астам адам зардап шекті. Қылмысты ұйымдастырушылар ағайынды Тамерлан және Джохар Царнаевтар болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны