22.05.2013, 09:41 4944

Чехияда миллион литр заңсыз ішімдік табылды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, алкоголь елдің әр аумағындағы қараусыз қалған өндірістік алаңнан табылыпты. Резервуарлардың үсті қиыршық тастармен және бетон плитамен жабылған, тіпті кей жерлерде оның қалыңдығы 2 метрге жеткен.

Астана. 22-мамыр. Kazakhstan Today - Чехияда миллион литр заңсыз ішімдік табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, алкоголь елдің әр аумағындағы қараусыз қалған өндірістік алаңнан табылыпты. Резервуарлардың үсті қиыршық тастармен және бетон плитамен жабылған, тіпті кей жерлерде оның қалыңдығы 2 метрге жеткен.

Radio Praha радио арнасының сайтындағы хабарға қарағанда, ішімдіктің көбі таза спирт екен, тек кейбірінде 94-96 пайыздық спирт болған.

Чехияда 2012 жылдың күзінде құрамында метанол мен этанол бар контрафактілік алкогольден улану оқиғалары тіркелген соң ішімдік сатуға тыйым салынған. Ол кезде кем дегенде 30 адам уланып қалды.

Бастапқыда 20 градустан артық алкоголь сатылымына тыйым салынғанымен кейін ел билігі 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін және 26 қыркүйектен кейін шығарылған, арнайы акциздік маркасы бар өнімдерді сатуға рұқсат берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны