07.06.2013, 13:36 2617

"Coca-Cola" сусынының сыртына "Мұхаммед" есімі жазылмайтын болды

"Coca-Cola" компаниясы өзінің алдағы науқанында жылдың аяғына дейін тұтынушыларға шөлмектегі "Coca-Cola" жазуының орнына өзінің есімін немесе жақындарының ныспысын жазуға мүмкіндік бермек.

Астана. 7-маусым. Kazakhstan Today - "Coca-Cola" сусынының сыртына "Мұхаммед" есімі жазылмайтын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Coca-Cola" компаниясы өзінің алдағы науқанында жылдың аяғына дейін тұтынушыларға шөлмектегі "Coca-Cola" жазуының орнына өзінің есімін немесе жақындарының ныспысын жазуға мүмкіндік бермек.

Яғни, "Coca-Cola" сусынына тапсырыс бергіңіз келсе, өзіңіздің есіміңізді де жазып жіберуді өтіне аласыз. Тек шөлмекке "Мұхаммед" деген есім жазылмайтын болды. Себебі, мұсылмандардың көбісі сусынның бұл түрін харамға жатқызғандықтан, компания "Мұхаммед" есімін тізімге енгізбей отыр. Айта кететін жайт, 1983-2000 жылдар аралығында "Мұхаммед" Бельгияда нәрестелерге ең көп қойылған есімдердің бірі болыпты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны