07.08.2013, 14:23 6974

Дамушы елдердің экономикасы нашарлады

Илемдегі ең ірі британ-гонконгтық HSBC банкі дамушы елдердің экономика өсімінің төмендегені туралы деректерді алға тартты. Олардың арасында БРИК елдерінің экономикасы да құлдыраған.

Астана. 7-тамыз. Kazakhstan Today - Дамушы елдердің экономикасы нашарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Илемдегі ең ірі британ-гонконгтық HSBC банкі дамушы елдердің экономика өсімінің төмендегені туралы деректерді алға тартты. Олардың арасында БРИК елдерінің экономикасы да құлдыраған.

Қытайдағы көрсеткіштер екінші ай қатарынан төмендеп келеді. Бразилия мен Үндістандағы жағдай да мәз емес. Ал, Ресейдегі өсімнің төмендеуі соңғы 3 жылдағы ең көлемдісі болып отыр. Сарапшылардың пікірінше, құлдилаудың себептері-"циклдік" және "құрылымдық" болып отыр. Алдағы 10 жылда көптеген дамушы нарықтардың өсімі баяулайды, инвестициялар болса табысты азайтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны