17.07.2013, 11:38 2730

Джоли Forbes нұсқасы бойынша Голилвудтың ең ықпалды жұлдызы атанды

Американдық кино жұлдыз Анджелина Джоли Голливудтың ең ықпалды 100 жұлдыздың ішінде бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Forbes журналы.

Астана. 17-шілде. Kazakhstan Today - Джоли Forbes нұсқасы бойынша Голилвудтың ең ықпалды жұлдызы атанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Американдық кино жұлдыз Анджелина Джоли Голливудтың ең ықпалды 100 жұлдыздың ішінде бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Forbes журналы.

Бұдан аз уақыт бұрын анасы 56 жасында қатерлі ісіктен қайтыс болған жұлдыз, кеудесіндегі сұт безін алып тастау бойынша ота жасатқан болатын. Бұл қадамға Джоли дәрігерлердің оның бойынан BRCA1 генін анықтаған соң барған. Бұл ота арқылы кеуденің қатерлі ісік қаупі 87% -дан 5%-ға дейін төмендеген.

"Бұл оның аз уақыт үзіліс жасағанын түсіндіреді, алайда енді ол қомақты гонорар төленетін "Малефисент" (Maleficent) фильміне - ұйқыдағы сұлудың диснейлік жаңа нұсқасына түсу үшін бар күшін жиып, қайта оралды", - делінген журналдың сайтында. Фильмнің көрсетілімі 2014 жылдың шілдесіне белгіленген.

Журнал нұсқасы бойынша Джолиден өзге голливудтық ең ықпалды жұлдыздар бестігіне жас жұлдыз Дженнифер Лоуренс, белгілі актрисалар Дженнифер Энистон, Кристен Стюарт және Гвинет Пэлтроу бастап тұр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны