04.07.2013, 15:47 2406

Египеттің уақытша президенті қызметіне кірісті

Египет әскерилері 3 шілде күні Мұхаммед Мурсиді "халықтың талабын орындай алмады" деп президенттіктен шеттетіп, елде жаңа сайлаулар өтетінін мәлімдеген. Президенттің міндетін уақытша атқара тұруды конституциялық кеңес төрағасына тапсырған.

Астана. 4-шілде. Kazakhstan Today - Египеттің уақытша президенті қызметіне кірісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Египет конституциялық кеңесінің төрағасы Адли Мансур президент міндетін уақытша атқарушы қызметіне кірісті.

Египет әскерилері 3 шілде күні Мұхаммед Мурсиді "халықтың талабын орындай алмады" деп президенттіктен шеттетіп, елде жаңа сайлаулар өтетінін мәлімдеген. Президенттің міндетін уақытша атқара тұруды конституциялық кеңес төрағасына тапсырған.

Мурси биліктен шеттетілген соң бірнеше қалада оның қарсыластары мен жақтастары арасында қақтығыстар болып, тоғыз адам қаза тапты.

Бірнеше көмекшісімен бірге ұсталған Мұхаммед Мурсидің қазір қайда екені белгісіз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны