09.08.2013, 12:02 5953

Екі вьетнамдық 40 жыл джунглиде өмір сүрген

Вьетнамның оңтүстігінде ұлымен бірге 40 жыл бойы джунглиде өмір сүрген адам табылды

Алматы. 9-тамыз. Kazakhstan Today - Вьетнамның оңтүстігінде ұлымен бірге 40 жыл бойы джунглиде өмір сүрген адам табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасай отырып.

82 жастағы вьетнамдық пен оның 41 жасар ұлы 1973 жылы Вьетнамдағы соғыс аяқталмай тұрып жоғалып кеткен. Олар тұрған ауылға АҚШ-тың ұшақтары шабуыл жасап, үйлерін қиратқан және жанұя мүшелерін түгелдей қырып жіберген.

Екі вьетнамдық ауылдан 40 шақырым ұзақтағы джунглиден табылды. Екеуінің де жағдайы жақсы. Икесі вьетнам диалектілерінің бірінде сөйлеген, ал ұлы бар болғаны бірнеше ғана сөз біледі. Олар негізінен көк шөпті және көкөністі азық еткен. Сонымен қатар аң аулауды да үйренген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны