17.07.2013, 12:21 2445

Еуроодақ Италиядан "Шалабаева" ісі бойынша ақпарат беруді сұрады

Иблязовтың жары Алма Шалабаева мен кіші қыздары Алуа мамыр айының соңында италиялық полиция жүргізген рейд кезінде Рим аумағында ұсталды. 1 маусымда олар Қазақстанға депортацияланды.

Астана. 17-шілде. Kazakhstan Today - Еуроодақ Италиядан банкир Мұхтар Иблязовтың әйелі мен қызын Қазақстанға депортациялауға қатысты жағдайды түсіндіруді сұрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Брюссель Италия билігінен саяси баспана беру мәселелерін реттейтін еуропалық құқық нормаларының саақталуы туралы ақпарат ұсынуды талап етті", - деп жазады "Коррьере делла сера".

Иблязовтың жары Алма Шалабаева мен кіші қыздары Алуа мамыр айының соңында италиялық полиция жүргізген рейд кезінде Рим аумағында ұсталды. 1 маусымда олар Қазақстанға депортацияланды.

Қазақстандық шенеуніктердің мәлімдемесі бойынша, Алма Шалабаеваның Италиядағы төлқұжаты қолдан жасалған блатын. Қазір ол ешқайда шықпау туралы қолхат жазып, Алматыда күнелтуде.

Шалабаева күйеуі Иблязовтың туыстарына заңсыз түрде қазақстандық төлқұжат берген іске тікелей қатысты. ҚР СІМ Шалабаева "оның қылмыстарынақатысты айып тағылп отырған жоқ" екенін атуда.

Еске сала кетсек, БТА-банкінің директотрлар кеңесінің бұрынғы төрағасы және бұрынға иесі Мұхтар Иблязов Қазақстан, Ресей және Украинада қозғалған бірқатар қылмыстық істерде басты айыпталушы боп табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны