07.08.2013, 12:41 5872

Еуропаның үздік ойыншысы атағына үміткер үш ойыншы белгілі болды

УЕФА нұсқасы бойынша Еуропаның үздік ойыншысы атағына үмітті үштіктің есімдері белгілі болды. Соңғы бірнеше жыл қатарынан футболға қатысты қандай да бір марапат, сый - сияпат болсын үміткерлер қатарында Месси мен Роналдудың жүретініне көзіміз де етіміз де үйреніп қалған. Бұл жолы да аталмыш қағида өзгеріссіз қалды. Ал сол екі мықтымен бұл жолы Франк Рибери тайталасып көрмек.

Астана. 7-тамыз. Kazakhstan Today - Еуропаның үздік ойыншысы атағына үміткер үш ойыншы белгілі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

УЕФА нұсқасы бойынша Еуропаның үздік ойыншысы атағына үмітті үштіктің есімдері белгілі болды. Соңғы бірнеше жыл қатарынан футболға қатысты қандай да бір марапат, сый - сияпат болсын үміткерлер қатарында Месси мен Роналдудың жүретініне көзіміз де етіміз де үйреніп қалған. Бұл жолы да аталмыш қағида өзгеріссіз қалды. Ал сол екі мықтымен бұл жолы Франк Рибери тайталасып көрмек.

Осы үштіктің арасындағы үздігін тамыздың жиырма тоғызында Монака қаласында УЕФА ға мүше елдердің журналистері анықтайтын болады. Дәл осы күні чемпиондар лигасының топтық кезеңінің жеребесі де тартылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны