11.06.2013, 14:55 2703

Францияда көтеріліс салдарынан 1800-ге жуық әуе рейсі кейінге шегерілді

Азаматтық авиация басқармасы жолаушыларды тыныштық сақтауға және әуе компанияларына хабарласып, рейстер туралы мәлімет алып отыруға шақырды.

Астана. 11-маусым. Kazakhstan Today - Француз авиаторларының көтерілісіне байланысты сейсенбі күні елде 1800-ге жуық әуе рейсі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Азаматтық авиация басқармасы жолаушыларды тыныштық сақтауға және әуе компанияларына хабарласып, рейстер туралы мәлімет алып отыруға шақырды.

Бүгін Францияда азаматтық авиация мамандарының үш күндік наразылық шарасы басталды.

Олар Еурокомиссияның азаматтық авиация саласын либералдандыру жөніндегі жоспарына наразылық білдіріп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны