10.07.2013, 15:05 2806

Фукусима АЭС-нің бұрынғы директоры қатерлі ісіктен көз жұмды

РИА-Новостидің хабарлауынша, АЭС TEPCO оператор-компаниясының өкілі Есиданың бұл ауруға шалдығуы, 2011 жылы наурыз айындағы апат салдарынан таралған радиацияның әсерінен болмаған деген мәлімдеме жасады.

Астана. 10-шілде. Kazakhstan Today - Апатты жағдайдағы "Фукусима-1" АЭС-нің бұрынғы директоры Масао Ёсида сейсенбі күні Токионың ауруханаларының бірінде 58 жасқа қараған шғында қатерлі ісіктен көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА-Новостидің хабарлауынша, АЭС TEPCO оператор-компаниясының өкілі Есиданың бұл ауруға шалдығуы, 2011 жылы наурыз айындағы апат салдарынан таралған радиацияның әсерінен болмаған деген мәлімдеме жасады.

Масао Есида апаттың алғашқы сәттерінен бастап АЭС аумағындағы штабтардың бірінен апат салдарын жою жұмыстарына басшылық еткен. Мамандардың айтуынша, реакторларды суытуда теңіз суын пайдалануды тоқта тұру туралы мемлекеттік бұйрыққа Есиданың бағынбауы, сол реакторларда болуы мүмкін жарылыстардың алдын алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны