11.07.2013, 17:48 2730

"Фукусима" АЭС-те радиация деңгейі күн санап артып келеді

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Жапондық "Фукусима-1" АЭС-те радиоактивті бөлшектердің жиналғаны анықталды. Tokyo Electric Power энергокомпания-операторының хабарлауынша, радиоактивті бөлшектер жерасты қоймасының маңындағы техникалық құдықтың суынан табылды. Ол жерде осы жылдың сәуір айында зиянды заттар аққан, деп хабарлады РОСБАЛТ.

Астана. 11-шілде. Kazakhstan Today - "Фукусима" АЭС-те радиация деңгейі күн санап артып келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Жапондық "Фукусима-1" АЭС-те радиоактивті бөлшектердің жиналғаны анықталды. Tokyo Electric Power энергокомпания-операторының хабарлауынша, радиоактивті бөлшектер жерасты қоймасының маңындағы техникалық құдықтың суынан табылды. Ол жерде осы жылдың сәуір айында зиянды заттар аққан, деп хабарлады РОСБАЛТ.

Онда радиация деңгейі белгіленген мөлшерден бес есе артық.

Аптаның соңынан бері мамандар атом стансасы аумағындағы жер асты суының радиация деңгейіне мониторинг жасау үшін жаңа технологиялық құдықтар жасауда. Белгісіз себептермен Цезий изотоптарының мөлшері 90 есе артқан.

Сондай-ақ, радиоактивті судың Тынық мұхитына ағып кетуі мүмкін деген болжам бар. Дегенмен, сүзгілердің барлығы үздіксіз жұмыс істеуде. Қазіргі таңда компания-оператор жағдайға сараптама жүргізіп, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны