30.05.2013, 14:42 3891

Футболдан жастар құрамасының ұшағына жай түсті

Ресейдің футболдан жастар құрамасы мінген ұшаққа жай түсті. Олардың барлығы дін аман. Бұл туралы Twitter әлеуметтік желісіне "Локомотивтің" жартылай қорғаушысы Тарас Бурлак жазған.

Астана. 30-мамыр. Kazakhstan Today - Футболдан жастар құрамасының ұшағына жай түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ресейдің футболдан жастар құрамасы мінген ұшаққа жай түсті. Олардың барлығы дін аман. Бұл туралы Twitter әлеуметтік желісіне "Локомотивтің" жартылай қорғаушысы Тарас Бурлак жазған.

Ұшақ Мәскеуден Израильдегі Еуропа чемпионатына бет алған-ды. "Біздің ұшақ көкке көтерілген кезде оған жай түсті. Бірақ біз Израильдеміз, қазір жаттығуға бара жатырмыз", - дейді аяқдопшы.

Еуро-2013 додасының топтық кезеңінде ресейлік құрама испандықтармен, нидерландықтармен және германиялықтармен бақ сынасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны