13.06.2013, 14:49 2698

Грекияда телеарнаның жабылуының себебінен ереуіл басталды

Мемлекеттік телерадиохабар таратушы компанияның аяқ асты жабылуы себепті Грекияда ұлттық ереуіл басталды, деп хабарлады бейсенбіде Би-би-си телерадиохабар тарату корпорациясы.

Астана. 13-маусым. Kazakhstan Today - Грекияда телеарнаның жабылуының себебінен ереуіл басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекеттік телерадиохабар таратушы компанияның аяқ асты жабылуы себепті Грекияда ұлттық ереуіл басталды, деп хабарлады бейсенбіде Би-би-си телерадиохабар тарату корпорациясы.

Ереуіл 24 сағатқа созылмақ, арты наразылық акцияларына ұласпақ.

Грекияның телерадио хабар таратушы корпорациясының жабылуы туралы қызметкерлерге бірнеше сағат бұрын ғана хабарланған. Үкімет мұндай шешім ақша үнемдеу қажеттілігінен, деп түсіндіруде, компания ақшаны талан- таражға салды, деп айыптауда. ERT қызметкерлері Афинадағы офистен кетуден бас тартып, хабарларын онлайн режимінде таратуда.

Үкімет болса Грекия корпорациясы жұмысын жалғастырады, бірақ қызметкерлердің саны азаяды, деп мәлімдеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны