23.05.2013, 15:02 4777

Грузия экс-премьері қамауға алынды

Вано Мерабишвили мен бұрынғы денсаулық сақтау министрі Зураб Чиаберашвили 21 мамырда тұтқындалған еді. Чиаберашвили 13 мың АҚШ доллары көлемінде кепіл төлеп қамаудан босатылды.

Астана. 23-мамыр. Kazakhstan Today - Грузияның Кутаиси қаласының соты бұрынғы премьер-министр Вано Мерабишвилиді 2 айға қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ол "қызмет өкілетін теріс пайдаланды" деп айыпталып отыр.

Вано Мерабишвили мен бұрынғы денсаулық сақтау министрі Зураб Чиаберашвили 21 мамырда тұтқындалған еді. Чиаберашвили 13 мың АҚШ доллары көлемінде кепіл төлеп қамаудан босатылды.

Мерабишвили мен Чиаберашвили "22 мыңнан астам партия белсендісін еңбек министрлігінің еңбекақы қорына тіркеп қойған" деген күдікке ілінген. Экс-премьер мен бұрынғы министр - президент Михаил Саакашвилидің жақтастары. Президент "олардың тұтқындалуының саяси астары бар" деп мәлімдеді.

Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон мен ұйымның кеңеюі мәселелерімен айналысатын комиссар Штефан Фюле Грузия билігін қос саясаткердің ісін тергеуде саяси факторды араластырмауға шақырды.

2012 жылы қазан айында Грузия парламентінде Бидзина Иванишвилидің коалициясы басым дауысқа ие болып, үкіметті жасақтады. Бұрынғы үкіметтің кейбір мүшелері мен шенеуніктері, көбінесе президент Саакашвилидің жақтастары тұтқындалып, тергеуге алынды, деп хабарлайды "Азаттық".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны