12.07.2013, 12:43 2379

Индонезияда 150-ден астам адам түрмеден қашып кетті

Жергілікті билік түсіндіргендей, бүлік түрмеде электр жарығы сөніп, соның салдарынан кезекті рет су беру тоқтатылуына байланысты шыққан. Сотталушылар түрмені өртеп жіберді.

Астана. 12-шілде. Kazakhstan Today - Кеше кешке Индонезияның Медан қаласындағы түрмеден бүлік шығып, кем дегенде 150 жазасын өтеуші қашып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жергілікті билік түсіндіргендей, бүлік түрмеде электр жарығы сөніп, соның салдарынан кезекті рет су беру тоқтатылуына байланысты шыққан. Сотталушылар түрмені өртеп жіберді.

Полиция мен әскерилер Медан көшелерінен қашқындарды іздестіріп жатыр. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қашқындардың кейбірі терроризм туралы баппен сотталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны