03.07.2013, 13:15 2504

Индонезияда болған жер сілкінісі алты баланың өмірін қиды

Индонезияда болған жойқын жер сілкінісі алты баланың өмірін қиды. Бұл туралы кеше жергілікті билік хабарлады.

Астана. 3-шілде. Kazakhstan Today - Индонезияда болған жер сілкінісі алты баланың өмірін қиды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Индонезияда болған жойқын жер сілкінісі алты баланың өмірін қиды. Бұл туралы кеше жергілікті билік хабарлады.

Балалар мешіт ғимараты қираған кезде қайтыс болған. Құтқарушылар тағы он төрт бала қираған қабырға үйінділерінің астында қалып қойғанын айтады.

Осылайша, Индонезияда жер сілкінісінен қатйс болғандар саны он бір адамға жеткен.

Кеше Ачех провинциясында магнитудасы 6,1 құрайтын жер сілкінісі болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны