25.07.2013, 13:59 2860

Испаниядағы апаттан қаза болғандар саны 77-ге жетті

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Испанияның солтүстік-батысында жолаушылар пойызының апатқа ұшырауы салдарынан қаза болғандар саны 77-ге жетті.

Астана. 25-шілде. Kazakhstan Today - Испаниядағы апаттан қаза болғандар саны 77-ге жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Испанияның солтүстік-батысында жолаушылар пойызының апатқа ұшырауы салдарынан қаза болғандар саны 77-ге жетті.

Галисия провинциясы Жоғары сотының ресми өкілі жаңа мәліметтер келтірді. Оның айтуынша, 73 адам оқиға орнында және төрт адам ауруханада көз жұмды. "Зардап шеккендер саны бойынша мәлімет жоқ", - деп хабарлады ол.

Еске сала кетсек, сәрсенбі күні Мадрид-Ферроль бағытында келе жатқан пойызда 218 жолаушы болған. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:41-де сегіз вагоннан және екі локомотивтен тұратын пойыз рельстен шығып кеткен. Бұл Испаниядағы соңғы 40 жылдағы ең ірі апат саналады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны