06.06.2013, 16:01 2622

Италияда Иблязовті іздеп жатыр

ҚР бас прокуроры Асхат Дауылбаевтің хабарлауынша, қазір Италияның құқық қорғау органдары Иблязовті және өзге де жасырынып жүрген тұлғаларды іздестіру және ұстау бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Егер тұрғылықты жерлері анықталса, онда оларды Қазақстанға әкелу жағын қарастырамыз.

Астана. 6-маусым. Kazakhstan Today - Италия құқық қорғау органдары қуғындағы саясаткер, банкир Мұхтар Иблязовті іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР бас прокуроры Асхат Дауылбаевтің хабарлауынша, қазір Италияның құқық қорғау органдары Иблязовті және өзге де жасырынып жүрген тұлғаларды іздестіру және ұстау бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Егер тұрғылықты жерлері анықталса, онда оларды Қазақстанға әкелу жағын қарастырамыз.

Мұхтар Иблязовтің әйелі Алма Шалабаева мен қызы Алуа Иблязова Рим қаласы маңында тұрып жатқан жерінен 1 маусымда Қазақстанға депортацияланған еді. 3 маусымда бас прокуратура Алма Шалабаевадан Алматы қаласынан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынғанын хабарлаған.

Ал маусымның 4-і күні Атырауда арасында көші-қон полициясының қызметкерлері бар бір топ адам Иблязовтің туыстарына жалған құжат жасау ісіне қатысты сотталды.

"БТА банк" директорлар кеңесінің төрағасы болған Мұхтар Иблязов 2009 жылы банк мемлекет меншігіне өткен соң шетелге шығып кетіп, Лондонға қоныс тепкен. Кейінірек Ұлыбритания оған саяси баспана берді. Қазақстан үкіметі Иблязовты 5 миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды деп айыптап, ұлыбританиялық сотқа жүгінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны