29.07.2013, 11:08 2725

Италияда автобус жардан құлап, 40-қа жуық адам құрбан болды

Мұндай мәлімдемені оқиға орнында құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан өрт сөндірушілердің бірі мәлімдеді. Ол сондай-ақ автобустан 11 адам құтқарылып, жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілгенін алып қосты. Олардың кейбірінің жарақаты аса күрделі, екі адам ауыр халде жатыр.

Астана. 29-шілде. Kazakhstan Today - Италияда автобус жардан құлап, 40-қа жуық адам құрбан болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Италияның оңтүстігінде жолаушы автобусы апатқа ұшырап, кем дегене 37 адам қаза болды.

Мұндай мәлімдемені оқиға орнында құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан өрт сөндірушілердің бірі мәлімдеді. Ол сондай-ақ автобустан 11 адам құтқарылып, жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілгенін алып қосты. Олардың кейбірінің жарақаты аса күрделі, екі адам ауыр халде жатыр.

"Жағдай қиын. Біз әлдеқайда көбірек адам құтқарып қалсақ деп отырмыз", - деді өрт сөндіруші Пеллегрино Ландоло.

Автобус көлік кептетілісі алдынан тоқтаған бірнеше автокөліктің соңынан соғылыпты. Кейін автобус жардың үстінен өтетін көпірдің темір жақтауын үзіп кетіп, ондаған метр биіктіктен төмен құлап кеткен.

Қайғылы жағдай Рим қаласынан оңтүстікке қарай 250 шақырым жерде Кампанья өңіріндегі Авеллино қаласында орын алды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, автобус жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды. Автобуста, италиялық БАҚ хабарлағандай, шамамен 50 адам болған, арасында балалар да бар. Олар қажылық саяхаттан Неапольге қайтып келе жатқан екен.

Апаттың орын алуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Болжам бойынша, автобус жүргізушісі белгісіз себептерге байланысты көлік басқаруын жоғалтып алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны