13.08.2013, 09:59 122830

Израиль әскерилері Эйлат курортына бағытталған ракетаны қағып түсірді

Израильдің оңтүстігінде Эйлат қаласының курортына қарай ұшырылған ракетаны қағып түсірді

Алматы. 13-тамыз. Kazakhstan Today - Израильдің оңтүстігінде Эйлат қаласының курортына қарай ұшырылған ракетаны қағып түсірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Іске "Темір күмбез" әуе қорғаныс жүйесі қосылып, реактивті снаряд ауада жойылды. Қирандылар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады әскери баспасөз қызметінің өкілі.

Айта кету керек, Эйлат маңындағы әуе қорғаныс батареялары алғаш іске қосылды. Жергілікті баспасөздің мәліметінше қалада дабыл қосылған, ал тұрғындар қос жарылыстың дауысын естіген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны