04.07.2013, 12:31 2887

Якутияда 5 шілде қаралы күн деп жарияланды

Якутияда 2 шілде күні Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырап, 24 адамның қаза болуына байланысты 5 шілде қаралы күн деп жарияланды. Сәйкес жарлыққа республика басшысы Егор Борисов қол қойды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Астана. 4-шілде. Kazakhstan Today - Якутияда 5 шілде қаралы күн деп жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Якутияда 2 шілде күні Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырап, 24 адамның қаза болуына байланысты 5 шілде қаралы күн деп жарияланды. Сәйкес жарлыққа республика басшысы Егор Борисов қол қойды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

5 шілде күні республиканың барлық аумағында Ресей Федерациясы мен Якутияның мемлекеттік тулары түсірілді. Сол күні телерадиокомпаниялар мен мәдениет мекемелері ойын-сауық бағдарламалар мен шараларды өткізбейтін болды.

Борисовтың өкімімен үкіметтік комиссия құрылды. Ол зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетумен айналысатын болады.

Апат болған жерде ТЖМ құтқарушыларының екі тобы мен тергеу органдарының өкілдері жұмыс істеуде.

Тікұшақтың апатқа ұшырауы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны