02.07.2013, 13:49 2379

Якутияда балалар мінген тікұшақ құлады

"Тікұшақ Депутат елдімекенінен 45 шақырым жердегі шоқыға құлаған. Қаза болғандар бар. Оқиға орнына ІІМ қызметкерлері ұшып кетті", - деді республикалық ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Станислав Платонов.

Астана. 2-шілде. Kazakhstan Today - Якутияда балалар мінген тікұшақ құлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хбарлауынша, бортта 25 адам болған. Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан 15 адам көз жұмған, оның 11-і бала, деп хабарлайды Утро.ru.

"Тікұшақ Депутат елдімекенінен 45 шақырым жердегі шоқыға құлаған. Қаза болғандар бар. Оқиға орнына ІІМ қызметкерлері ұшып кетті", - деді республикалық ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Станислав Платонов.

Ми-8 тікұшағы "Полярные авиалинии" әуе компаниясына тиесілі. Ол Депутат елдімекенінен Усть-Янск ауылына рейс жасамақ болған. Апат жергілікті уақыт бойынша сағат 10:40-тың немесе Астана уақытымен 06:40-тың шамасында болған.

Үкіметтегі дереккөз тікұшақ бортында Якутия парламентінің депутаты Александр Морозкин, Саха Республикасның (Якутия) президенті мен үкіметі Икімшілігінің басшысы Виктор Ефимов болуы мүмкін екенін хабарлады.

Бұдан бұрын РИА "Новости" республикалық ІІМ-ге сілтеме жасап бортта 25 адам, оның ішінде үш экипаж мүшесі болғанын хабарлады. Дереккөздің сөзіне қарағанда, 15 адам көз жұмған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны