09.07.2013, 10:54 2526

Канадада пойыз жарылып, 13 адам көз жұмды

Бұдан бұрын 5 адамның қайтыс болып, тағы 40 азаматтың жоғалып кеткендігі хабарланған болатын. Ал, оларды іздеуге төгілген мұнай кесірін тигізген. Айта кетейік, жексенбі күні мұнай тасымалдаған жүк пойызы түнде Нант елдімекеніне тоқтап, машинистерін алмастырмақ болған. Алайда, 73 цистерна локомативтен ажырап, сайдан төмен қарай құлдилапты.

Астана. 9-шілде. Kazakhstan Today - Канадада пойыз жарылып, 13 адам көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Канаданың Квебек провинциясында жүк пойызы апатқа ұшырап, салдарынан 13 адам көз жұмды. Бұл жайында Рейтер агенттігі хабарлайды.

Бұдан бұрын 5 адамның қайтыс болып, тағы 40 азаматтың жоғалып кеткендігі хабарланған болатын. Ал, оларды іздеуге төгілген мұнай кесірін тигізген.

Айта кетейік, жексенбі күні мұнай тасымалдаған жүк пойызы түнде Нант елдімекеніне тоқтап, машинистерін алмастырмақ болған. Алайда, 73 цистерна локомативтен ажырап, сайдан төмен қарай құлдилапты.

Төгілген мұнай сол сәтте отқа оранып, жарылыс орын алған. Тілсіз жау сол маңайдағы бірнеше үйдің күлін көкке ұшырыпты. Өрт сөндірушілер жалындаған отты тек дүйсенбі таңертең өшірген.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жоғалып кеткен жандардың көпшілігі қаладағы көңіл көтеру орталығында болған. Ал, жарылыс Нанттағы 30 ғимаратты түкке жарамсыз етіп тастады. Екі мыңдай адам қауіпсіз аймаққа көшірілген. Полицейлер өрттің тым қатты болғандығынан кейбір мәйіттерді мүлдем таппауымыз мүмкін деп болжам жасауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны