25.07.2013, 11:46 3118

Қымыздан жасалған балмұздақ Жапонияның нарығын жаулауда

Ең қызықтысы балмұздақ шығарушы қазақстандық бизнесмен мұндай өнімнің елімізде саудасы жүре бермейтінін айтады.

Астана. 25-шілде. Kazakhstan Today - Қымыздан жасалған балмұздақ Жапонияның нарығын жаулауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ең қызықтысы балмұздақ шығарушы қазақстандық бизнесмен мұндай өнімнің елімізде саудасы жүре бермейтінін айтады.

Бірнеше жыл бұрын Ресей азаматтығын алған, алайда көбіне үн шығыс елінде тұратын кәсіпкер Елтай Текесов балмұздақтың жаңа түрін Жапон нарығына ұсыну тәуекелді іс болғанын айтады.

"Жапаондықтар салқын тағам түріне ерекше назар аударады. Олардың дәстүрлі тағамдарында ыстықтай берілетіні өте көп, сондықтан болар олар нені болса да мұздадтып жеуге әуес. Кей перфектураларда керек десеңіз фарштан жасалған балмұздақтар да бар. Мен болсам Жапонияда жылқы өнімдері сирек кездесетінін ойлай отырып осы іске бел будым", - дейді кәсіпкер.

Қымызға деген сүйіспеншілігін Елтай (Қарағанды одлысында туып, өскен) жапондық технологияға ыңғайластырып, ерекше балмұздақ шығару желісін ашты. Бүл өндіріске екі жыл толыпты. Кәсіпкердің сөзіне қарағанда Жапон нарығының тығыздығына қарамастан бұл өнім нарықта орнықты деуге әбден болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны