08.08.2013, 15:43 5737

Қырғызстанның КО-ға қосылу жол картасының жобасы толықтырылады

Қырғызстанның Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылу жөніндегі үкімет жанындағы ведомствоаралық комисия кезекті отырысында жол картасына ұсыныстар жобасы мен тізімдер жобасын жетілдіру туралы шешім қабылдады.

Бішкек. 8-тамыз. Kazakhstan Today - Қырғызстанның Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылу жөніндегі үкімет жанындағы ведомствоаралық комисия кезекті отырысында жол картасына ұсыныстар жобасы мен тізімдер жобасын жетілдіру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қырғызстан Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Отырыста 15 тамызда Мәскеуде өтетін Еуразия экономикалық комиссияның жұмысшы тобының отырысына байланысты Қырғызстанды Кеден одағына қосу жөніндегі жол картасына ұсыныстар қаралды.

Қазіргі уақытта жол картасы келесі салалық бағыттардағы кешенді іс-қимылдарды қарастырады: санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар, кеден заңнамасы, кеден инфрақұрылымы, техникалық реттеу, кедендік-тарифитік және тарифтік емес реттеу, сауда саясаты, қаржы чаясаты, арнайы қорғаныс, демпингке қарсы және өтемақылық шаралар, статистика, көлік және коммуникациялар саласын қамтиды.

Шараға ұлттық заңнаманы кеден одағы келісімдеріне сәйкестендіру, инфрақұрылымдық қайта құру, жаңғырту, өткізу бекеттерін және зертханаларды жарақтандыру, сонымен қатар қырғыз тарапынан қажетті, жергілікті кәсіпке жеңілдіктенді қайта қарау енеді.

Күнтәртібіндегі екінші мәселе өтпелі кезеңдегі тауарлар мен жарналар тізілімі қаралды. Бұл ведомствоаралық комиссия дайындаған Кеден одағының бірыңғай белгіленген тарифіне келмейтін кедендік баж салығы мен жарналар қолдану.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны