10.07.2013, 13:18 2779

Қырғызстанның оңтүстігінде тұрғын үйге жай түсті

Қырғызстанның ТЖМ баспасөз қызметі хабарлауынша, бүгін шамамен сағат төрттің кезінде тұрғын үйлердің біріне жай түсті. Үйдің шатыры мен оң жақ бөлігі қираған, екі бөлменің электр сымдары өртеніп кетті. Баспананың қабырғасы сөгіліп, терезелер шағылған.

Астана. 10-шілде. Kazakhstan Today - Қырғызстанның оңтүстігіндегі Жалал-Абад облысы Таш-Бұлақ ауылындағы тұрғын үйге жай түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қырғызстанның ТЖМ баспасөз қызметі хабарлауынша, бүгін шамамен сағат төрттің кезінде тұрғын үйлердің біріне жай түсті. Үйдің шатыры мен оң жақ бөлігі қираған, екі бөлменің электр сымдары өртеніп кетті. Баспананың қабырғасы сөгіліп, терезелер шағылған.

ТЖМ хабарлауынша, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Үй иесі әзірге екі бөлмелі уақытша баспанада тұрып жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны