22.07.2013, 17:39 2730

Қытайдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 22-ге жетті

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік-Батыс Қытайдағы Ганьсу провинциясында орын алған 6,6 магнитудалы же сілкінісінен қаза тапқандар саны 22 адамға жетті. Жер сілкінісінің эпицентріне жақын орналасқан Миньсянь уезінде 19 адам қаза тапқан, Чжансянь мен Лисянь уездерінде екі адам көз жұмған. Чжансянь уезінде 13 ауылмен байланыс үзілген.

Астана. 22-шілде. Kazakhstan Today - Қытайдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 22-ге жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік-Батыс Қытайдағы Ганьсу провинциясында орын алған 6,6 магнитудалы же сілкінісінен қаза тапқандар саны 22 адамға жетті. Жер сілкінісінің эпицентріне жақын орналасқан Миньсянь уезінде 19 адам қаза тапқан, Чжансянь мен Лисянь уездерінде екі адам көз жұмған. Чжансянь уезінде 13 ауылмен байланыс үзілген.

Миньсянь уезіндегі куәгерлердің айтуынша, жер дүмпуі шамамен бір минутқа созылып, соның салдарынан көп үй қирап қалған. Ағаш пен ғимараттардың теңселгені анық байқалған.

Апат орнына әскери қызметшілер, полицейлер мен жергілікті жартылай әскери құрылымдар келіп, елді мекендерді қирандылардан тазартуда. Зардап шеккендерге 500 шатыр мен 2 мың жамылғы берілген, деп хабарлайды Синьхуа.

Еске сала кетсек, бүгін жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07:45-те жер сілкінген. Содан кейін 09:12-де 5,6 магнитудалы тағы да жер асты дүмпуі болған. Бұл жөнінде Қытай сейсиология орталығы хабарлады. Көршілес жатқан Шэньси провинциясында да жер сілкінісі сезілген.

Бастапқыда 3 адам қаза тапты деп хабарланған болатын. Кейіннен ол көрсеткіш 11-ге жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны