18.06.2013, 09:26 2725

Қытайлық суперкомпьютер әлемдегі ең күшті деп танылды

Tianhe-2 қазір Қытай Халық-азаттық армиясының Қорғаныс ғылыми-техникалық университетінде тұр, кейіннен Гуанчжоудағы есептеу орталығына көшірілмек.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - Қытайлық суперкомпьютер әлемдегі ең күшті деп танылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қытайлық Thiane-2 ("Құс жолы - 2") Тор-500 компьютерлерінің рейтингісінде бірінші орынға шығып, американдық Titan жүйесін басып озды.

Tianhe-2 қазір Қытай Халық-азаттық армиясының Қорғаныс ғылыми-техникалық университетінде тұр, кейіннен Гуанчжоудағы есептеу орталығына көшірілмек.

Қытай компьютері 33,86 петафлопс (33,86 квадриллион операция) өнімділікті көрсетті, ал американдық компьютерде бұл көрсеткіш 17,59 петафлопс болды. Көшбасшылар қатарында АҚШ-тан тағы екі компьютер - Sequoia және Mira, олардың арасында бір жапондық K computer бар.

Суперкомпьютерлер тізіміне ресейлік сегіз жүйе ілікті, оның ішіндегі ең қуаттысы - ММУ-де орнатылған "Ломоносов" компьютері. Ол өткен жолғыдан кестеде бес жолға кейін ығысып, 31-орынды иеленді, деп хабарлады Лента.ру.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны